Күзгі демалыс

Ең белсенді, ізденімпаз оқушылар демалыс кезінде де мектепке асығады. Бүгін 3-4 сынып оқушылары арасында «Не?Қайда?Қашан?» зияткерлік ойыны өтті. Ойынның мақсаты: Ой-өрісін дамыту, білімге қызығушылығын ояту, танымдық белсенділікке, бастамашылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Бүгін 1 қараша күні 5 сынып оқушылары арасында «Көңілді старттар» өтті.

Бұл қызықты жарыстардың барлық кезеңдері тартысты бәсекеде өтті. Спорттық ынта мен жеңіске деген ұмтылыс бәсекелестерді баурап алғаны сонша, олар айналада не болып жатқанын байқамай қалды. Барлығы мәреге бірінші жету үшін барын салды. Жарыс нағыз спорт пен денсаулық мерекесіне айналды! «Көңілді старттарға» қатысқан балалар мен аналар өздерін біртұтас үлкен отбасы ретінде сезінді! Барлық командалар сертификаттармен марапатталды, үлкен күш-қуат пен көптеген жағымды эмоциялар алды.

Қосымша ақпарат көздері