2-4 сынып оқушыларына арналған «Кітаптар тұратын үй»экскурсиясы

Кітапхана – адам рухани байлығының қазынасы

Г.В.Лейбниц

Бастауыш сынып апталығы аясында мектеп кітапханашысы Нурпиисова О.С. 2-4 сынып оқушылары үшін «Кітаптар тұратын үй» атты экскурсия өткізілді. Экскурсияның мақсаты: балалардың назарын кітапханаға тарту, кітап пен оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқу мәдениетін тәрбиелеу.

Балалар Кітапхананың кітап қалашығы екенін білді. Мұндағы кітаптар өз үйлерінде – сөрелерде тұрады. Оның өз көшелері бар (кітапханашы сөрелердің арасындағы кеңістікті көрсетеді). Бұл үй – балаларға арналған кітаптарға арналған сөре («Балалар әдебиеті») Мұнда мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған кітаптар бар. Әрбір кітап белгілі бір мекен-жайда өз пәтерінде тұратын жеке отбасы сияқты.

«Ертегіні тап» викторинасы өткізілді, «Үш мысық» (кітапхана) мультфильмдері қаралды, онда балалар кітапханада өзін қалай ұстамау керектігін көріп, есте сақтады; «Гришканың кітаптары» мультфильмі оқулықтар мен кітаптарды қалай сақтау керектігін анық көрсетеді. Әрине, балалар «Кітапхана әнұранын» үйреніп, орындады.

Қосымша ақпарат көздері