Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы жаңа жылдың басы және көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады. «Шағалалы орта мектебі» КММ-нің «Қарлығаш» шағын орталығында «Наурыз мейрамы» атты іс-шара жоғары топ оқушыларымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балаларды көктемгі «Наурыз» мерекесімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына қызығушылықтарын арттыру. Отанға деген сүйіспеншілікке, түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ойын-сауық барысында балаларға «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Киіз үй» ойындары арқылы қазақ мәдениетінің ұлттық нақыштары таныстырылды. Мереке кезінде шағын орталықта мейірімділік, көңілділік пен қуаныш атмосферасы орнады. Балалар қызығушылықпен қатысып, қазақтың жаңа салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен, ойындарымен танысты.