Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл есте қаларлық күн 20 ғасырдағы тарихи шежіренің ең қиын беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылыққа арналған. Бүкіл халықтар қуғынға ұшырады. Қуғын-сүргін жылдарында Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен Қазақстанға 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Аман қалғандар қазақ жерінен пана тауып, жаңа қоныс тапты.
Шағалалы орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары ауыл кітапханасының қабырғасында 1937 жылы Приморск өлкесінен және 1941 жылы Қырым өлкесінен Қазақстанға күшпен көшірілген репрессияға ұшыраған немістердің ұрпақтарымен кездесті. Қанша қиыншылық көрсе де, балаларын өсіріп, оқытты, әр шаңырақта алты баладан болып,барлығы жоғары оқу орындарына жіберді. Олардан екінші атамекен туралы, бір кездері оларды қабылдап, өзіміз тұратын елді бірге көтерген адамдар туралы жаман сөз естіген емеспіз. Кездесуді ұйымдастырған- кітапханашы Бош Е.В.
Халқымыздың сол жылдары басынан өткерген қиын-қыстау кезеңі кейінгі ұрпақтардың жүрегінде мәңгілік сақталады – құрмет пен алғыстың символы – Еске алу күні!