Мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – халқымыздың рухани байлығы мен ұлттық мақтанышының жарқын нышаны. Олар бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтып, жаңа жетістіктерге жетелейді.

Шағалалы орта мектебінің ұжымы оқушылары, жазғы мектеп алаңының Ауылдық мәдениет үйі алаңында Мемлекеттік Әнұранның орындалуына қатысты. Шағалалы ауылының әкімі Добромирова Г.О. жиналғандарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ белсенді өмірлік ұстанымы мен су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарына көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін қамқор ауыл тұрғындарына алғыс хаттар табыс етті. Шара велошерумен аяқталды.

Қосымша ақпарат көздері