16.01.2024 ж Шағалалы орта мектеп жанындағы мектеп-интернатының оқушыларымен салауатты өмір салты тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: оқушыларды маңызды құндылықтармен таныстыру, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіне көз жеткізу, өз құрбыларының аудиториясы алдында сөйлеу қабілетін дамыту. Әңгімелесу барысында олар өз пікірлерін білдірді. Денсаулықты сақтауда зиянды әдеттерге қарсы күрес маңызды рөл атқарады: темекі шегу және алкоголь. Пікірталас барысында оқушылар жастардың темекі шегуінің себептерін атады. Ал біз темекі шегудің денсаулығымызға зияны туралы ортақ пікірге келдік. Адам денсаулығының сақталуы мен нығаюына біздің дене шынықтыру мен спортымыз әсер етеді.