Шағалалы орта мектебінің оқушылары Шағалалы кентінің СДК ауылдық кітапханасында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған ашық үстелге қатысты.
Ауғанстан Республикасынан әскерлердің шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған ерлік сабағын 5-сыныпта НВТП мұғалімі Тасболат Т.Т өткізді
1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылды. Арада 35 жыл өтсе де ардагерлердің бұл кезеңдегі естеліктері әлі күнге дейін өшпейді. Он жылға созылған соғысқа 22 мыңнан астам қазақ жауынгері қатысты. Ауған соғысының ардагерлері қазір 50-ден асқан. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, батырлар мен олардың ерліктерін еске алу аса маңызды. Бұл туралы жас ұрпаққа да айтыңыз. Барлығымыз бейбіт аспан астында өмір сүруіміз үшін жанын қиған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
15 ақпанда КФОР мен Шағалаля орта мектебі Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған бірлескен іс-шара өткізді. Өскелең ұрпақ пен қонақтар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Шағалалы орта мектебінің оқушылары қолөнер бұйымдарын жасап, сурет салды.