Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, сонымен қатар бұл қоғамға баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салады, осылайша барлық балалар бақытты болып өседі, оқиды, сүйікті ісімен айналысады және тамаша ата-ана болады. Болашақта өз елінің азаматтары.
Әрбір балаға ұлтына, түсіне, нәсіліне қарамастан билейтін, ән айтатын, білім алатын, тату-тәтті өмір сүретін, бақытты болатын әлем керек.
Мектебіміз де шет қалмады, бастауыш сынып оқушылары «Бақыт, күн, достық – балаларға керегі!» атты спорттық флешмоб биледі.
Флешмобтың мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, еліміздің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерді сақтау, балалар шығармашылығын кеңінен насихаттау.