Неделя казахского языка и литературы

19 -23 ақпан аралығында «Тіл мен әдебиеті- тәрбиенің қос қанаты» атта қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты өтті. 5-сынып оқушылары «Тамшылар» әнімен бастады. Кейін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері апта бойына жасалған жоспармен таныстырды.

20 ақпан күні «Ыстық бауырсақ» күні деп белгілеп, оқушылар мен ұстаздар сұрақтарға жауап берді. Дұрыс жауаптары үшін ыстық бауырсақ бауырсақтан дәм татты. Осы іс-шара оқушылардың қазақ тілін қаншалықты деңгейде түсінетіндерін көрсетті. Іс-шара қызықты да тиімді болып өтті.

19 ақпан қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында Усанова С.Т. 5-сыныпта «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақта топпен , жұппен жұмыс түрлері жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын білдіруде тамаша жауаптармен қуантты. Мәтінмен жұмыс кезеңінде оқушылар тиімді жұмыс жасады. Мұғалім кері байланыс пен бағалау кезеңдерін қызықты етіп ұйымдастырды.

Источник дополнительной информации